Спорт

Каратэ-до шотоканнан ҚР ашық чемпионаты

 

Каратэ-до шотоканнан ел чемпионаты облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған барлығы 9 команда қатысуда. ҚР чемпионы атану үшін Қырғыз елінің спортшылары да күш сынасты.Ең алдымен каратэшілер команда болып катада өнерлерін көрсетті. Одан кейін  40 келіге дейінгі қыздар кумитеде күш сынасты. Динара Миянова Кентау қаласының намысын қорғауда. Спортшы бірінші жекпе-жекті өз жерлесі Ақнұр Әбдіхановамен өткізді. Қарсыласын жеңгеннен кейін жетісайлықпен күш сынасты. Бұл жолы да ол басымдық көрсетті. Осылайша Динара ақтық сынға жолдама алды. Жасөспірімнің спорттың бұл түріне ден қойғанына 3 жылдың жүзі болып қалыпты. Негізінен Кентау қаласының намысын 11 спортшы арқалап келген.

Чемпионатқа еліміз бен Қырғызстанның 240 спортшысы жиналды. Тартысты додаға 5 жастан жоғары спортшылар қатысуда. Бұл жолы біздің өңірдің намысын 40 каратэші қорғап отыр. Жарыс қорытындысы ертең яғни бейсенбі күні мәлім болады. Онда жүзден жүйрік атанғандарға кубок, медаль және грамоталар табысталмақ.

 

Гүлбану Ахметова