Құқық қорғау органдары

Алаяқ бойжеткен ұсталды

 

Алаяқтың мұндай әрекеттерінен бірқатар азамат жапа шеккен. Олардың барлығы газеттегі хабарландырулардан ұзақ мерзімге жалға алып тұруға пәтер іздепті. Айлакер болса, қала орталығындағы баспананы төмен бағамен ұсынып отырған. Бойжеткен артық сұрақтар қоймастан, ақшаны алып, кілтті ұсынады. Алайда осыдан бірнеше сағат өткеннен кейін пәтерге нағыз иелері келеді екен.

 

Ерлан Махметов, СҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері:

-Облыс орталығында бірнеше алаяқтық фактіге қатысы бар деген күдікпен Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жеке меншік жалға берушілерден бір тәулікке пәтер алып, кейін сол пәтерді басқа азаматтарға жалға берген. Күдікті осылайша 5 пәтерді жалға беріп үлгерген.

 

Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Бұл әрекеттерге қаражаттың қажет болғанынан барғанын алға тартуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заңға осылайша қайшы келген ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 

Айдана Демесінова