Мәдениет

“Көктем әуендері” көрмесі

 

Жаңа көрме “Көктем әуендері” деген атпен ашылды. Мұнда Галина Надеинаның 35 туындысын көруге болады. Қылқалам шебері көктемнің шуақты күндерін қағаз бетіне түсірген. Ол көбіне батик, графика, кескіндеме сияқты тәсілді қолданады екен. Айта кету керек суретші біздің қаламызда алғаш рет көрме өткізіп отыр.

 

Галина Надеина, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Рудный қаласы:

– Мен табиғат көрінісін қағаз бетіне түсіргенді ұнатамын. Өйткені салған суретің арқылы табиғаттың көзге көріне бермейтін тұстарын бейнелеуге болады. Сондықтан да өз ісім мені шабыттандырады.

 

Бұл Галина Петровнаның 4-ші көрмесі. Бұған дейін Астана, Рудный, Қостанай қалаларында өтіпті. Бүгінгі көрмеге жиналғандар суретшінің өмірге деген көзқарасын сезінді

 

Эльвина Янунина,”ЮНЕСКО клубы” көркемсурет  лицейінің мұғалімі:

– Көрме жақсы ұйымдастырылған. Галина Петровна ашық түстерді көп пайдаланатынын байқадым. Және орынды. Өйткені көптеген суретшілер ашық түстерді таңдай бермейді.

 

Татьяна Красильникова, суретші-декоратор, Новосибирск қаласы:

– Бұл жұмыстарға қарап отырсаң суретшінің бір бейнені қағаз бетіне түсіру үшін көп еңбектенгені байқалып тұр. Галина Надеинаның көрмесі көңілімнен шықты.

 

Петропавлдықтар көрмені бір ай бойы тамашалай алады.

 

Гүлбану Ахметова