Энергетика

Электр желілерін жаңғырту бағдарламасы

 

19-шы ықшам ауданындағы жер асты кабелі 25 жыл бұрын төселіпті. Қазір әбден тозған электр желісі жаңасына алмастырылуда. Жөндеу жұмыстары кезінде маңайдағы тұрғындарға жарықтан ажыраймыз деп алаңдаудың қажеті жоқ. Әзірге тоқ баламалы қосалқы желіден таратылады. Жалпы облыс орталығында электр қуатын тарататын 400 шақырымға жуық сым тартылыпты. Бүгінде оның 73 пайызы әбден тозған.

 

Александр Черников, “СҚ ЭТК” АҚ қалалық электр желілерінің бас инженері:

– Жаңартуды талап ететін желілер өте көп. Биыл ғана қала бойынша 15 шақырым электр сымын ауыстыратын боламыз. Өйткені бұл желілердің қызмет мерзімі әлдеқашан өткен. Ең алдымен осындай апаттық жағдайдағы жарық таратқыштарға көңіл бөлуге тырысамыз. Жұмыс жоспары құрылды.

 

Аталған шаруаға 146 млн теңгеден артық қаржы жұмсалмақ.Бұл сома биылға қарастырылған инвестициялық бағдарламаның 20 пайызын құрайды. Сонымен қатар жаңадан 7,5 мың шақырымдық желі тартылады.

 

Александр Черников, “СҚ ЭТК” АҚ қалалық электр желілерінің бас инженері:

-Төмен вольтті жаңашылдық қызмет сапасын бірқатар арттыратыны сөзсіз. Оның іске қосылуымен Пионерская, 20, Болатбаев, 28, Мир, 278, Шухов,36 мекенжайларына жарық үздіксіз жетіп отырады. Өйткені аталмыш көшелерде ақаулар көптеп тіркеліп, тұрғындардан жиі шағым түседі.

 

Жалпы акционерлік қоғамның өнімін өңіріміздің 412 мың тұрғыны тұтынады екен.

 

Жеңіс Ермұқанов