Спорт

Таэквондошылар турнирі

 

Аталмыш турнирдің өткізілуінің тағы бір себебі – таэквандо федерациясына биыл – 15 жыл толып отыр. Бұл додаға 6 мен 17 жас аралығындағы жасөсіпірмдер қатысуда. Жарыс алаңына шығып, өзінің жүлделі орынсыз қайтпайтынын байқатқандардың бірі – Максим Ильясов. Жасөспірім аздап ауырыңқырағанына қарамастан Теміртау қаласының құрамасы үшін барын салды. Ақтық финалға шыққанға дейінгі кездесулердің бәрі бірдей олжалы болған жоқ дейді спортшы. Дейтұрғанмен де бүгінгі кездесулердің үшеуінде де ол қарсыластарынан басым түсті.

Максим Ильясов, Теміртау қаласы:

Мен турнирге бірінші рет келдім. Жарысқа ең мықты командаларды жинапты. Біздің басты қарсыластырамыз – Перопавл мен Қарағанды қалаларының спортшылары. Бұл спортта үнемі қозғалыс қажет. Аяқпен, қолмен. Осы жарыстан үмітіміз зор.

Ашық турнирді ұйымдастырушылар жыл өткен сайын таэквандоға әуес спортшылардың саны артып келеді дейді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубок, диплом және медальдармен марапатталады.

 

Әспет Әбдірешова