Қоғам

Қазақстан Наурыз мейрамын тойлауда

 

 

Мына тұсқа Қазақстан халқы асамблеясының мүшелері жайғасқан. Ортақ мерекеден өлкеміздің этно-мәдени орталықтарының бірі де шет қалған жоқ. Бірлігі жарасқан жерлестеріміз мерекеге ортақтасқан облыс әкімі Самат Ескендіровты ұлттық дәстүрге сай қарсы алып, қонақжайлықтарын барынша таныта білді.  5 мың жылдан астам тарихы бар әз наурыздың дәстүрі бүгінде маңыздылығын жоймай, бәз-баяғы қалпында сақталған. Қазақстан Қонституциясы көшесінің бойы ауыл іспеттес  . Қаз-қатар ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер қанат жайған. Самауыр қайнап, ошақ басында тіл үйірер тағамдар әзірленуде. Өңір жетекшісі  әрбір шаңырақты аралап, дастарханға жайылған тағамнан дәм татты. Қадірменді меймандарға шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Облыс әкімі Самат Ескендіров Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтауға жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

Ашық аспан астында құрылған сахнада қазақтың ұлттық дәстүрлерінен театрландырылған көрініс қойылды. Жиналған қауымға әуезді де әуенді бағдарлама ұсынылды.

Қайырымдылыққа үндейтін қасиетті мерекеде Орталық алаңға сауық құруға еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін шықты. Достық пен ауызбіршілікке шақыратын думанды күні көрші-қолаң, ағайын-туыс, ДОС-жаран төс қағыстырып, тек ізгі тілектер жолдады.  Ресейлік Қинаят Әменов ата-баба дәстүрін қашан да дәріптейді. Қандасымыз жанұясымен мерекені тойлауға арнайы шекара асып келіп отыр. Бүгінде БҰҰ шешімімен Наурыз халықаралық мейрам мәртебесін  алды. Сондай-ақ Ұлыстың Ұлы күні ЮНЕСКО-ның ұсынысымен адамзаттың рухани құндылығы деп танылған екен.

 

Жеңіс Ермұқанов