Қоғам

Петропавлдың Орталық алаңындағы Наурыз тойы

 

Мейрамға арнап дайындалған бұл тәтті тағамның салмағы 150 келі. Оны пісіруге шамамен 3 күн кеткен. Өткен жылы да мерекеде де торт таратылған екен. Алайда оның ұзындығы 2-ақ метр болыпты. Солтүстікқазақстандықтар қолөнер шеберлерінің еңбектеріне де тәнті болды. Ұлттық құндылығымызды дәріптеген Роза Рсаева өз жұмыстарын халық назарына ұсынуды жөн санапты. Көздің жауын алатын мынандай қалта тігу – азаматшаның сүйікті ісі екен.

Роза Рсаева, қолөнер шебері:

Наурыз қарсаңында жанталасып істедік. Наурыз – жылдың басы. Таңертең тұрып келдік. Наурыз көже бар, жақсы дүниелер қойылған. Қазақтың нағыз мейрамы ғой.

Он саусағынан өнер тамған Юрий Ивановтың жұмыстары да көпшілікті тамсандырды.

Юрий Иванов, қолөнер шебері:

Мына ожауды талдан жасадым. Бұл зат қымызды сапырып, құюға арналған. Мұндай дүниелерді жасау қиын, әрине. Шыдамдылықты, көп уақытты қажет етеді.

Наурызды ізгі тілек, ізетті қамқорлықпен қарсы алу керек. Осыны негізге алған «Улыбка» қайырымдылық қорының мүшелері орталық алаңда «Жомарт көктем» атты шара өткізді. Бұл акцияға жерлестеріміздің назарын аударуға балалар арасындағы суреттер байқауы септесіпті.

Галина Бондаренко, “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының президенті:

-Суреттер байқауын өткізу арқылы «Улыбка» балалар қайырымдылық қорын қолдап отырмыз. Мақсатымыз – 5 жасар Марат Сыздықовқа қажетті қаражат жинау. Оған ота жасап, бүйрегін ауыстыру керек.

Ұлыстың ұлы күні халық бар ренішін ұмытып, бір-бірін жаңа жылмен құттықтайды. Жерлестеріне игі тілектерін жолдағысы келгендерге бұл жерде арнайы стендтер де қойылды. Әз Наурызды қазақ халқы ғана емес, еліміздегі барша ұлт өкілдері атап өтті.

 

Айдана Демесінова