Мәдениет

Ақындар айтысы

 

 

Облыстың әр түкпірінен жиналған ақындар айтысына «Қош келдің, Әз Наурыз!» тақырыбы арқау болды. Қоғамда болып жатқан оқиғаларды жіті назарларында ұстайтын жас ақындар жыр сайысында жан-жақтылықтарын да көрсетті. Алдымен саханаға жұртшылыққа жақсы танылып қалған өнер иелері Құрмет Құралхан мен Аманжол Зағыпар шақты.

Құрмет Құралханның сахна төрінде жүргеніне 6 жылдан асқан. Республикалық шараларда жүлделі орындардан көрінсе, облыста бас жүлдені құр жіберген емес. Ақын ұлыстың ұлы күніне арналған айтысқа жақсы дайындықпен келдім дейді. Өйткені оның қарсыласы Аманжол Зағыпар осал емес. Сахнаға шыққан келесі жұп айтыстың сәнін келтіре түскендей. Өйткені жас ақындардың ішінде жалғыз нәзік жанды Нүргүл Оқашева болды. Мамлют ауданының намысын қорғап жатқан Нүргүлдің қарсыласы қызылжарлық Жарқын Жұпархан. Нүргүлдің айтыс өнеріне ден қойғанына 4 жыл болыпты. Осы уақытта сөзі де ұшталып, тәжірибесі молайған. Бұл жолы ақын қыз қызылжарлық Жарқын Жұпарханмен сөз сайыстырды. Айтыс өңірде жылына екі рет өткізіледі. Бірі ел тәуелсіздігі күнінде болса, екіншісі ұлыстың ұлы күнінде. Осы жолғы айтысқа барлығы 12 жерлесіміз қатысты. Дегенмен облысымзда айтысты ұйымдастыру жағынан қиыншылдықтар жоқ емес. Айтыскерлердің өнері жиналған жұрттың көңілінен шықты. Сөйтіп, Наурыз мерекесінде бас жүлде 60 мың теңге Аққайың ауданының жас айтыскері Қуаныш Оспановқа бұйырды. Бірінші орын Құрмет Құралханда, Нүргүл Оқашева екінші орынды місе тұтса, үздік үштікті айыртаулық Мұхаммед Қоңқаев қорытындылады.

 

Гүлбану Ахметова