ТЖ

Солтүстік өңір су тасқынына дайын ба?

 

Облыста соңғы рет су тасқыны 2007 жылы болды. Онда 1400 шаршы метр жерді су басып, Есіл өзенінің деңгейі 10,5 м. көтерілген. Бұл жағдай қайталануы әбден мүмкін. Өйткені төтенше жағдайлар департаментіндегілер сәуір мен мамыр айларынада ауа райы күрт жылынады деп отыр. Егер бұл болжам расталса, Есіл өзенінің жағасындағы елді мекендер су астында қалуы ғажап емес. Бұл қауіп сонымен қатар Ғ.Мүсірепов, Есіл, Шал ақын, Қызылжар, Уалиханов және Мамлют аудандарына төніп тұр. Өйткені қазірдің өзінде Петропавлдағы су қоймасы – 93 пайызға, Сергеев су қоймасы 60 пайызға толған.

Және мұндағылар биыл мөлшерден 3 есе көп түскен қарды тазалауға шамалары жетпей жатқандықтарын айтуда. Бүгінгі күнге дейін ақ ұлпа 470 мың шаршы метр көлемінде шығарылыпты. Сондықтан да департамент қызметкерлері тұрғындарға қала шетіндегі үйлердің маңайын өздері тазалағандары дұрыс дейді. Су тасқынынан сақтану үшін.

 

Любовь Ануфриева, СҚО бойынша ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің бас маманы:

-Су тасқынына дайындық жұмыстары жүруде. Әзірге көктемгі ылғал жағдайы тұрақты. Осы наурыз айының өзінде күндіз күн жылынса, түнде қайта сынап бағанасы төмендемек. Ал сәуір айының екінші онкүндігінде ауа температурасы 23-тен 28 градусқа дейін көтерілмек. Сақтанбаса арты соқпақты болуы мүмкін.

 

Есіл өзені Түмен облысынан өтеді. Сондықтан да бізге төніп тұрған қауіп түміндіктерді де алаңдатады. Егер, өзен арнасынан асып, таситын болса, Түмен облысының екі елді мекені су астында қалуы мүмкін.

 

Любовь Ануфриева, СҚО бойынша ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің бас маманы:

-Облыста екі су қоймасы бар. Олар арқылы Есіл өзені реттеліп отырады. Сергеевка су қоймасына құйылатын су мөлшері 1 млрд, 300 млн. текше метр болады. Петропавлға жететіні 2 млрд текше метр. Бұл көктемгі су тасқынының ең үлкен мөлшері деп күтілуде.

 

Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін департаменттегілер 26 ақпаннан бастап арнайы шаралар жүргізуде. Және алда түмендіктермен оқу- жаттығу жұмыстарын өткізу жоспарланған.

 

Гүлбану Ахметова