Қоғам

Петропавл Наурыз мейрамына дайындалуда

 

Наурыз мерекесі облыс орталығында жыл сайын барынша кең көлемде аталып өтеді. Биылғы жылы да бұл мейрам күні қала көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қаланың өнер ұжымдарының қатысумен мерекелік концерт өтеді.

 

Әйгерім Ержанова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

– Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар екі жерде өтеді. Біріншіден, ол М.Жұмабаев көшесінде. Екіншісі – орталық алаңда. М.Жұмабаев көшесінде мерекелік сахна орнатылады, облысымыздың аудандарынан 13 киіз үй қатысады. Киіз үйлердің конкурсы болады.

 

Ал орталық алаңда 4 қалалық киіз үй тігіледі. Онда халқымыздың салт-дәстүрлерінен сыр шертетін Наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар қойылады.

 

Әйгерім Ержанова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

– М.Жұмабаев көшесіндегі іс-шаралар сағат 11-ден 15-ке дейін, ал орталық алаңда 12-ден кешкі беске дейін болады. 23-наурыз күні мерекелік концерт болады орталық алаңда. Оны қалалық мәдениет үйінің ұжымдары ұйымдастырады.

 

Сонымен қатар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, қазақша күрес, арқан тарту, қаппен күрес сынды сайыстар өтеді. Ал ұзындығы 5 метр, салмағы 150 кг болатын мерекелік торт Наурыз күні тегін таратылмақ.

 

Әспет Әбдірешова