Ауа райы

“Квартал” газетіне – 5 жыл

 

«Квартал» газетінің Петропавл қаласының ақпараттық нарығында пайда болғанына  5 жыл. 5 метрлік торт осы айтулы мереке үшін әзірленген. Өз әріптестері мен оқырмандарын басылымның бас редакторы Талғат Айдарханов құттықтады.

 

Талғат Айдарханов, «Квартал» газетінің бас редакторы:

– Сіздер болмасаңыздар, біздің газетіміздің ғұмыры ұзын болмас еді. Бұл бәрімізге ортақ мереке.

Газеттің шеф-редакторы Зәуре Жұмалиева басылымның оқырмандары көп болу үшін оның әр санын қызықты етіп шығару керек дейді. «Квартал» газеті де осы бағытта жұмыс істейді екен.

 

Зәуре Жұмалиева, «Квартал» газетінің шеф-редакторы:

– Сіздермен осындай мерекелік көңіл-күйде кездескеніме қуаныштымын. Өйткені көп жағдайда газет оқырмандарымен олардың мәселесін шешу үшін жолығып жатамыз. Алдағы уақытта да сіздер үшін қызмет жасайтын боламыз.

Апта бойғы айшықты ақпаратты оқырманға жеткізудегі «Квартал» газетінің рөлін Журналистер одағының Солтүстік Қазақстан  филиалының төрайымы Галина Воробьёва да атап өтті.

 

Галина Воробьёва, Қазақстан Журналистер одағының СҚ филиалының төрайымы:

Журналистер одағы осы ұжымға оң бағыт берді. Өйткені осыдан 4 жыл бұрын осы газетке біз тез дамып келе жатқан басылым деген баға берген болатынбыз. 5 жыл өткен соң олардың осы жетістікке жеткенін көріп отырмыз. Алдағы уақытта да сіздерге табыс тілейміз.

 

«Квартал» газетін қаланың шығармашылық ұжымдары да құттықтады. Сонымен қатар, жарнама беруші серіктестер, басылымды таратушылар мен оқырмандар арасында сыйлықтар ұтысы өтті. Оқырмандар «Үздік өлең оқушы», «Үздік сурет», «Үздік ақын», «Ең батыл оқырман» және «Газетпен байланысты оқиға» деген 5 аталым бойынша бағаланды. Бүгінгі таңда «Квартал» газетінің таралымы – 12 мың дана. Оның әр саны қызықты болуы үшін ұжымда 20 адам жұмыс істейді.

 

Әспет Әбдірешова