Балалар

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру

Бүгінгі семинарға облыстағы ЖОО мен колледждер  өкілдері, өңіріміздегі білім және жастар саясаты жөніндегі басқармалар қызметкерлері жиылды. Бұл кездесудің басты мақсаты – білім ошақтарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын бір жүйеге келтіру, бұл жөнінде оқытушылардың пікірін білу.

Нұрсаят Сәркен, СҚО жастар саясаты жөніндегі басқарма  маманы:

-Елбасымыз айтқандай, әрбір аймақта комитеттер жұмыс істеу керек. Олардың ең басты мақсаты – әрбір ЖОО, колледжде белсенді жастарды біріктіру, олардың ойларын іске асыру.

2012 жылдың желтоқсанынан бастап, аймағымыздағы орта кәсіптік білім беру мекемелерінде жастар ісі жөніндегі комитеттер құрыла бастаған. Мұндай ұйым Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжінде де бар. Оның құрамына 9 адам кірген екен. Комитет мүшелері студенттер арасында туындаған түрлі мәселелерді шешуге көмектесіп, қоғамдық шараларға қатысуға тартады.

Әлия Тәшенова,  Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжіндегі жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы

Семинардың маңызы зор деп ойлаймын. Өйткені мұндай семинарлар біздің әр түрлі комитеттердің пікір алысуына, тәжірибе алмасуына көмектеседі.

Алдағы уақытта қоғамдық және саяси өмірге белсене араласатын жастардың қатарын көбейту көзделген.

Айдана Демесінова