Спорт

Денсаулық күні шаңғышылар жарысты

 

Петропавлда бұл спорттық шараны өткізу игі дәстүрге айналған. Спорт көңілді көтеріп, денені шыңдайды. Жеңіске деген құлшынысыңды арттырады. Денсаулық күніне орайластырылған шараға 500-ден астам адам жиылды.

Жанат Мухаметгалеев, Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

-Жарысқа мемлекеттік қызметкерлер, мектеп пен колледж мұғалімдері, оқытушылар, ардагерлер және басқа да қала тұрғындары қатысуда.

Владимир Щербанин спорттық шаралардан қалып көрген емес. Оның айтуына қарағанда, аталмыш мерекені өткізуде жаңашылдықтар енгізу керек. Сонда спортқа деген қызығушылық артады дейді спорт ардагері.

Владимир Щербинин, спорт ардагері:

Осындай мерекелер жүйелі түрде және көптеген кезеңдерге бөлініп өткізілсе жақсы болар еді. Әрі ақтық сайыстарына ең мықты деген ұжымдар қатысса, сонда шынымен де Денсаулық күні деп айтуға болар еді.

Шаңғымен сырғанауда нәзік жандарға 1 шақырым, ал ер адамдарға 1,5 шақырымды жүріп өту шарты қойылды. Жарыс алаңына алғашқы болып шыққан мұғалімдер арасында бірінші орын Оксана Гусеваға бұйырды. Ол үздіктердің қатарынан алтыншы жыл көрініп келеді.

Оксана Гусева, №42 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі:

Бүгінгі жарыс жақсы өтті. Тек жел аздап кедергі келтірді. Осындай сайыстарды көбірек өткізіп тұру керек.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Әспет Әбдірешова