Қайырымдылық

Әзірбайжан этномәдени орталығы жетімдерді Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін мектеп-интернат тәрбиеленушілері ізгілік пен мейіріміділіктің бар екеніне тағы бір рет көз жеткізді. Келген қонақтарды олар қуана қарсы. Бұл жерде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 20-дан астам бала тәрбиеленуде. Әзірбайжан мәдени орталығының өкілдері балғындарға кілем мен тәтті сыйлықтар табыстады.

Чингиз Курбанов, СҚО әзірбайжан мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

– Біздің орталық мұндай қайырымдылық акцияларды жыл сайын өткізіп тұрады. Сондықтан да, балаларды алдағы келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, олардың жүздеріне күлкі сыйлау үшін сыйлық табыстауды жөн санадық. Ең бастысы осы деп ойлаймын. Сіздерді де келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Қонақтар да сыйсыз қалмады. Ассамблея өкілдеріне балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын табыс етті.

Маған қонақтардың әкелген сыйлығы өте ұнады. Наурыз мерекесінің алдында бізді құттықтап жатыр. Оған алғысым шексіз.

Біз қонақтардың ертемен күттік. Бізге кілем алып келіпті. Енді оның үстіне отырып, теледидар қарайтын боламыз.

Кездесу соңы дастархан басында жалғасты. Бүгінгі күні бұл балалардың жан-жақты дамып, оқып-білім алуына барлық жағдай жасалған.

Алма Жағыпарова, “Мечтатели” жанұясының тәрбиешісі:

-Біз осындай сыйлықтарға зәруміз. Әзірбайжан мәдени орталығының өкілдері бізге былтыр да сыйлықтар табыстаған болатын. Оларға алғысымды білдіргім келеді.

Наурыз меркесі шуағын ала келеді. Сол себепті ата-ана жылуын сезінбей өсіп жатқан жеткіншек мейрамда армандарымыз орындалса дейді, сол үшін әз наурызды асыға күтеді.

Гүлбану Ахметова