Мәдениет

Наурыз-сабақ

Залдың қақ ортасына киіз үйдің бұйымдары қойылған. Дастархан да жаюлы тұр. Ертегі негізінен Наурызгүлдің атасы мен әжесінің үйінде өрбиді. Кейіпкер Қыдыр атамен танысып, Ұлыстың ұлы күнін қалай қарсы алу керектігінен хабардар болады.

Гүлнұр Зейнелғабиденова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:

Біз бұл шара арқылы Наурызды қалай қарсы алу керектігі жайлы ақпарат бермекпіз. Ол жайлы оқушылардың бәрі бірдей біле бермейді.

Қойылым сценарийін облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ойластырыпты. Ертегі түрінде өткен кездесудің балалар үшін қызықты әрі танымды болғаны сөзсіз.

Маған ертегі өте ұнады. Наурыз мерекесінде Қыдыр атаның келетіндігін білдім. Ол үйге ырыс әкеледі екен.

Біз ертегі ғана тыңдап қоймай, ойындар да ойнадық. Мен үшін өте қызықты болды.

Шара 3 күн бұрын басталыпты. Мұражайдағылар наурыздың 18-не дейін әлі де талай оқушыларды Наурыз мерекесінің ғұрыптық рәсімдерімен таныстырмақ.

Инеш Шоқақова