Білім

Әскери білім беру басымдықтары

Әскери білімді дамыту мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан кадрларды даярлау жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілуде. Конференцияға жиылған еліміздегі түрлі әскери ұйымдар мен құрылымдардың өкілдері осы мәселе бойынша өзара тәжірибе бөлісті. «Қазақстан -2050» стратегиясын бірлесе жүзеге асыру жолдарына да тоқталды. Конференция жұмысы 3 секция бойынша өтпек.

Ошақбай Сейітбеков, ҚР ІІМ ІӘ әскери институты кафедрасының бастығы:

– Бірінші секцияда қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жағдайы, 2- инженерлік қамтамасыз ету саласы, 3- білім берудің инновациялық ерекшеліктері қарастырылады.

Әскери институтта 2001 жылдан бастап біліктілікті жоғарылату факультеті жұмыс істейді. 16 жыл ішінде оқу орнын 2046 түлек тәмамдапты. Олар еліміздің әскери құрылымдарындағы офицерлердің басым бөлігін құрайды. Институттың халықаралық байланысы да оң жолға қойылыпты. Оқу орны Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің ішкі әскерлеріне арналған кадрларды да даярлайды.

Альберт Мұхаметов, ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық университеті бастығының орынбасары:

– 2010 жылы Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында елімізде әскери және мемлекеттік басқару факультеті құрылды. Қызметі Мәскеу академиясымен сай келеді. Биылғы жылы алғашқы түлектерді шығаруды жоспарлап отырмыз.

Конференция барысында сөз болған “Қазақстан -2050” стратегиясын жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар арнайы жинаққа енбек.

Инеш Шоқақова