Қоғам

Шатырдан құлаған мұз баланы жарақаттады

 

Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. 1 сынып оқушысы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер сырқатқа бас сүйектің ашық жарақаты, мидың жарақаттануы, жақтың сынуы секілді бірнеше диагноз қойып отыр. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мамандары баланың жағдайы ауыр дейді. Қазір дәрігерлер науқасты қатаң бақылауда ұстап отыр.

Мәдина Балғашоқова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
-үн күрт жылынуынан шатырлардан еріп аққан қар суы мұз болып қатуда. Сондықтан пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлері оларды тездетіп тазалау үшін бұл жұмысқа арнайы қызметтер мен альпинистерді барынша жұмылдырулары керек. Полицейлер балаларды үлкендердің қарауынсыз және мұз құлау қаупі бар аумақтарда ойнауға жібермеу керектігін ескертеді. Олар адам өміріне қауіпті.

Самат Есмағи