ТКШ

Энергетиктердің инвестициялық жобасы ауқымды

2012 жылы есептеу құрылғыларын орнату бойынша біраз шаруа тындырылған. Нәтижесінде осындай 99 жабдық іске қосылыпты. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар жүргізілмек. Сондай-ақ былтыр «Севказэнергосбыт» ЖШС халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын бастаған екен.

Мағауия Сағындықов, «Севказэнергосбыт» ЖШС директоры:
-Биыл халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Орталық тұтынушылардың қажетті ақпаратты жедел алуына жол ашады. Сондай-ақ туындаған мәселелерді дереу шешуге мүмкіндік береді.

Серіктестік жерлестерімізді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бүгінде кәсіпорынның қызметін 230 мыңға жуық солтүстікқазақстандық пайдаланады екен. Қоғамдық тыңдалымда тұтынушылар көкейдегі сауалдарын жолдап, өз ұсыныстарын жасай алды.

Григорий Кухарь, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Сіздердің қызметтеріңізге, яғни жылу мен энергияға бөлек түбіртек толтыру мүмкіндігі бар ма? Ардагерлер бұл сұрақты жиі көтереді. Өйткені қызметтің 2 түріне 1 түбіртек толтыру қарияларға қолайсыз.

Мағауия Сағындықов, «Севказэнергосбыт» ЖШС директоры:
-Біздің тұтынушыларымыз көп. Сондықтан бұл қосымша шығын әкеледі. Дегенмен, сіздің ұсынысыңызды жазып алдық. Алдағы уақытта бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиімді бір шешімге келеміз деп ойлаймын. Жауабын айтамыз.

2013 жылға құрылған жоспар ауқымды. Инвестициялық жобаға 10 млн теңгеге жуық қаржы бағыттау көзделіп отыр.

Айдана Демесінова