Спорт

Жас спортшылар мен полицейлер жарысы

Эстафетада мектеп оқушыларымен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бақтарын сынап көрді. Барлық командаға қойылған талап бір. Шапшаң қимылдап, белгіленген жерге тез жету. Спорт интернатынан “Көңілді старт” эстафетасына екі команда қатысты. Бірі- “Молния” деп аталса, екіншісі “Торпеда”. «Молния» құрамасы басқа командаларға қарағанда жақсы өнер көрсетуде. Және олар бұл сыннан сүрінбей өтетіндеріне сенімді. Жарысқа қатысушылар жүгіру, скакалкамен секіру және допты жүгіріп алып өтіп, келесі ойыншыға беру сынды спорттың түрлерінен сынға түсті.”Көңілді старт” эстафетасының барысында тәртіп сақшылары есірткі затын иісшіл иттің көмегімен лезде таба алатындықтарын да көрсетті. Есірткіге қарсы ұйымдастырылған шараға қатысушылардың бәріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Гүлбану Ахметова