Ауыл шаруашылығы

“Агробизнес-2020”

 

Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Сондықтан бұл бағытта жасалып жатқан игі істер де аз емес. Еліміздегі агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында жуырда «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды. Мұнда шаруалар ісінің өрге домалауына сеп болар бағыттар қарастырылыпты. Солардың бірі – қаржылық сауықтыру жобасы.

Арман Салықов, “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ менеджер-кеңесшісі:
Бұл бағытта шаруалардың тұқым мен тыңайтқыш сатып алуда берілетін субсидиялар көлемін арттыру қажеттілігі айтылған. Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың аталмыш бағыты аясында несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады.

Кепілдікке жарар мүлігі жоқ ұсақ шаруа қожалықтарының мәселелері де назардан тыс қалмаған. Тың жобада олардың несиеге қол жеткізуіне жол ашатын мүмкіндіктері көрсетілген.

Арман Салықов, “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ менеджер-кеңесшісі:
Кейбір ұсақ шаруа қожалықтары несие ала алмайды. Бағдарламада осы мәселе қарастырылған. Осының шеңберінде мемлекет және «Қазагро» мекемелері тарапынан займдарды кепілдендіру және сақтандыру жоспарланған. Мұның барлығы, әрине, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне үлкен көмек болмақ.

Жалпы өңіріміздегі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жыл басынан 849 млн теңге көлемінде несие беріпті.

Айдана Демесінова