Энергетика

Қоғамдық тыңдалым

Өткен жылы кәсіпорынды модернизациялауға 731 млн теңге қаражат бағытталыпты. Алайда желілердің 60 пайызы жөндеуді қажет етеді. Сондықтан оларды қалпына келтіруге соңғы 2 жылда 1 жарым млрд теңге жұмсау көзделіп отыр.

Вячеслав Утябаев, «Солтүстік Қазақстан электр тарату желілері компаниясы» АҚ президенті:
– Өткен жылы 5 шағын станса жөнделді. 20 шақырымдай әуе және кабельдік желілер аламастырылды. 4 жаңа кешенді трансформаторлық шағын стансалар орнатылды. Оның арқасында 20-шы шағын аудан, Бензострой, Жұмысшы кенті, Зайсан аудандарына электр қуатын жеткізу жөнге келді. Шағымдар азайды.

«СҚ электр тарату компаниясы» соңғы жылдары шектелген тарифпен жұмыс істеуде. Кәсіпорын жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын осындай тыңдалымдарды өткізеді. Кездесуде тұтынушылар кәсіпорынның қызметіне байланысты өз сауалдарын қоя алды.

Александр Липовой:
– Сіз өз баяндамаңызда кадрларды даярлау мәселесіне тоқталған жоқсыз. Бұл өте өзекті проблемалардың бірі. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Вячеслав Утябаев, «Солтүстік Қазақстан электр таратужелілері компаниясы» АҚ президенті:
– Жалақы аз болған жылдары ең негізгі қызметкерлер жұмыстан шықты. Енді олардың қызметін табысты жалғастыратын кадрлар даярлау міндеті тұр. Персоналды оқыту бойынша арнайы жоспар бар. Оқу орындарының түлектерімен тығыз қарым-қатынас орнатудамыз.

Алға қойған барлық жоспарларды орындап, сапалы қызмет көрсетуге барымызды саламыз дейді Вячеслав Утябаев. Келесі қоғамдық тыңдалымды «Петропавл жылу желілері» ЖШС өткізбек. Жиын наурыздың 13-не жоспарланған.

Инеш Шоқақова