Мәдениет

Украин мәдениетінің күні

Сахнада «Украинские вечорницы» тобы өнер көрсетуде. Шығармашылық ұжымның құрылғанына биыл 1 жыл болыпты. Өнерлі жастар жиылғандардың назарына украин әндерінен попурри ұсынды. Топтағы әншілердің бірі – қазақ қызы Меруерт Нұғұманова. Бойжеткен украин халқының мәдениетіне қызығушылық танытып, онымен жақынырақ танысуда екен.

Меруерт Нұғұманова, «Украинские вечорницы» тобының мүшесі:
-Украин мәдениеті өте қызықты, менің көңілімнен шықты. Әндері көңілді, ұлттық киімдері де әдемі. Маған қазақ, орыс әндерімен қатар украин өлеңдерін де орындаған ұнайды.

Жалпы бұл шара ақын Тарас Шевченконың жүз тоқсан тоғыз жылдығына арналды. Бұл күні Украин халқының бас ақыны құрметіне кеш өткізу дәстүрге айналған.

Аркадий Польшаков, СҚО украин мәдени орталығының төрағасы:
-Бүгін қаламыздың атақты шығармашылық топтары өнер көрсетеді. Ауданнан да шақырған болатынбыз. Өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына байланысты келе алмады.

Украин халқының мәдениетімен жақынырақ танысқысы келгендер үшін бұл жерде кітаптар және фотокөрмелер ұйымдастырылды.

Айдана Демесінова