Қоғам

Отбасы бақытына бөленген ана

Ананың бақыты – балада болса керек. Әлия Көкөзова 5 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр. Екі қызын тұрмысқа берсе, ең кенжесі екі жасқа енді толады. Көпбалалы ана атанамыын деп ойламаған ол қазір сәбилерінсіз өмірін елесте де алмайды. Балалары шешесіне үй шаруасында көмек көрсетеді, жабырқағанда жанынан табылады, қуанышына ортақтасады. Солардың бірі 4-ші қызы Анаргүл Көккөзова.

Анаргүл Көккөзова, қызы:
– Үлкен отбасында бақытты, әрі қызықты. Әпкелеріммен сырласып, қиын күндерде көмектесіп тұрамыз.

45 жастағы көпбалалы ана Есіл, Явленка ауылдарында шаштарз болып жұмыс істепті. Тұрмысқа шыққан соң бала күтімімен үйде отырған екен. 6-шы сәбиін босанғаннан кейін, былтыр Әлия Көкөзова күміс алқаға ие болыпты. Қазір еш жерде жұмыс естемейтін ана балаларды жеткізу оңай емес дейді.

Әлия Көкөзова, көпбалалы ана:
– Баларым жақсы оқыды. Үй шаруасында да көмектесіп тұрады. Тұрмыстағы қыздарым телефонмен хабарласып, ақыл сұрайды. Әрдайым қолымнан келгенше көмектесіп тұрамын.

Көпбалалы ананың екі немересі бар. Нағыз ана бақыты балаларда дейді ол.

Гүлбану Ахметова