Қоғам

Масленица басталды

Масленица – тарихы тереңде жатқан әрі ең ұзақ тойланатын мереке. Славян халқы мейрамды ерекше өткізеді. Алғашқы күні құймақ пісіріледі. Дәмі балдай, күн іспеттес дөңгелек құймақ көктемнің келгенін білдіреді. Сондықтан да мерекенің бірінші күні “кездесу” деп аталған. Әр үй иесі анасынан келе жатқан құймақ пісіру тәсілін қолданады. Және оны даярлауды құпияда ұстайды. “Звонница” казак халықтық хорының мүшесі Татьяна Морозова да мерекенің алғашқы күнін өздерінің достарын шақырып көңілді қарсы алды.

Татьяна Морозова, «Звонница» казак халықтық хорының мүшесі:
-Мен Масленица мерекесін жыл сайын тойламын. Құймақ пісіріп, қонақ шақыру дәстүрімізге айналған. Қыздарыма да мерекенің 7 күнін өз ерекшеліктеріне сай атап өту, құймақ пісіру қажеттігін айтып, дайындау тәсілдерін де үйреттім.

Масленица наурыздың 17-не дейін тойланады. Дәстүр бойынша мерекенің соңына дейін барлығы көңілді жүрулері тиіс. Өйткені халықта бұл күнді қалай қарсы алып, шығарып салсаң, жыл бойына көңіл күйің соған байланысты болады деген сенім бар.

Галина Кузьмина, «Звонница» казак халықтық хорының басшысы:
– Масленица – бұл славяндардың ежелгі ең көңілді жалпыға ортақ мерекесі. Және оның ерекшелігі әр күннің өзіндік атауының болуында. Мәселен ертеде «Масленицада көңіл көтермесең өмірің қиындықпен өтеді» деген сенім қалыптасқан.

Мерекенің екінші күні яғни, сейсенбі – «Ойын қызығы» деп аталады. Оған жерлестеріміз үлкен дайындық жасап жатыр.

Гүлбану Ахметова