Энергетика

Энергетиктер есеп берді

Тұрғындарды жылу энергиясын өндірудің тарифтік сметаларының орындалуы қызықтырады. Энергетиктер өзіміздің міндетімізді толықтай атқардық деп отыр. Инвестициялық бағдарламалар мен жөндеу жұмыстары орындалып, жылу көлемі жеткілікті болған көрінеді.

Виктор Бармин, №2 Петропавл жылу-электр орталығының директоры:
– Аязды күндердің өзінде жылудың көлемі мен сапасы тиісті деңгейде болды. Қазіргі таңда 6-шы қазандық жөнделді. 4,7 және 8-ші қазандықтар да қалпына келтірілуде. Бұл құрылғылардың жұмысын сапалы етіп қана қоймай, уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Дегенмен кәсіпорынның жұмысына байланысты шағымдар да жетерлік. Олардың біреуі мынадай:

Жолдас Ұлықпанов:
– Тұрғындарда фильтрлердің дер кезінде алмастырылмауына байланысты жылу- электр орталығы қоршаған ортаны ластайды деген пікір қалыптасқан. Осының кесірінен экология мен адамдардың денсаулығына зиян келуде. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

Виктор Бармин, №2 Петропавл жылу-электр орталығының директоры:
– Биыл біздегі күлтұтқыштарды толықтай алмастырдық деуге болады. Қазіргі таңда барлық қазандықтар қуаттылығы 99,5 пайыз болатын күлтұтқыштармен жарақтандырылған. Жалпы 4 жылда қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың бөлінуін 6 есеге азайттық.

Бұл бағыттағы шаруа әлі де жалғасады дейді жылу-электр орталығының директоры. Биыл кәсіпорын жөндеу жұмыстарына 7 млрд теңгеге жуық қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Инеш Шоқақова