Құқық қорғау органдары

Қоғамдық тәртіп күзетіндегі қыз-келіншектер

Погон таққан қыз-келіншектер үшін бүгін ерекше күн. Ерлермен бірге қоғамдық тәртіп сақтау саласында иық теңестіре қызмет етіп жүрген бұл жандарға қандай тілек айтса да артық етпейді дейді мерекелік концертті ұйымдастырған әріптестері.

Серік Идрисов, СҚО ІІД бастығының орынбасары:
– Жиналып отырған себеп – бүгін ішкі істер департаментінің жеке құрамымен концерт берейін деп отырмыз. Осыған орай СҚО әйелдерін 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын.

Бұл күні залға болмысынан нәзік жанды, алайда өз жұмысына келгенде темірдей тәртіпті қатаң қадағалайтын ішкі істер органдарының барлық өкілдері жиналған. Көктемдей құлпырған әйел затын құттықтаған тәртіп сақшылары әріптестеріне жылы лебіздерін білдіріп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін өз тілектерін әнмен өрнектеді. Индира Ақпанбетова жол полициясы басқармасында жемісті еңбек етіп жүрген жандардың бірі. Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында нәзік жанды Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен марапатталған.

Индира Ақпанбетова, СҚО ІІД ЖПБ әкімшілік-тәжірибелік бөлімнің аға инспекторы:
– Жол полициясында 2007 жылдан жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Қиын болса да, үйрендік. Өзімнің атымнан, барлық әйелдер атынан ІІМ көп алғысымды айтамын. Осындай мереке жасап, кешеден бері бізді құттықтап жатыр.

Бүгінде облыстың ішкі істер органдарында 350 қыз-келіншек жұмыс істейді.

Әспет Әбдірешова