Билік

Қала әкімі әйелдерді мерекемен құттықтады

 

Облыс орталығының жергілікті атқарушы органдарындағы 148 мемлекеттік қызметшінің 97-сі нәзікжандылар. Ішкі істер органдарының әрбір 4-ші қызметкері де әйел. Ал қалалық білім беру саласы қызметкерлерінің тіпті 90 пайызы бұрымдылардан құралған. Сондықтан нәзікжандылардың қаламыздың қоғамдық өмірінде алатын орны туралы айтудың өзі артық. 8 наурыз мерекесімен белсенді әйелдерді Болат Жұмабеков құттықтады.

Болат Жұмабеков, Петропавл қаласының әкімі:
– Қаламыздың көркееюіне әйелдер өз үлестерін қосуда. Келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, жұмыста табыс, отбасылық бақыт тілеймін.

Марапатқа түрлі салада табысты қызмет етіп жүрген 23 нәзікжанды ие болды. Солардың бірі – И.Шухов атындағы №2 қалалық кітапхананың меңгерушісі Ләззат Ерғожина.

Ләззат Ерғожина, И.Шухов атындағы № 2 қалалық кітапхананың меңгерушісі:
– Марапаттап жатқандарына қуаныштымын. Кітапхана меңгерушісі болып істеймін. Біз де балалар тәрбиесіне зор үлес қосып жатырмыз деп ойлаймын.

Ал Рәбия Гумирова кәсіпкерлікпен қатар қоғамдық жұмыстарда да белсенді. Ол өз ісін өрге домалатып қана қоймай, тұрғындардың да мәселелерін шешуге атсалысады.

Рәбия Гумирова, «Рубин» ПИК төрайымы, жеке кәсіпкер:
– 10 жыл бойы жеке кәсіппен айналысамын. Сондай-ақ КСК төрайымымын.  Әрине, қиын болды. Бірақ ерінбеген адам барлық жұмысты еңсереді деп ойлаймын.

Қандай жұмыс болмасын нәзікжандылардың қолынан келетіні анық.

Инеш Шоқақова