Қоғам

Достық үйіндегі мерекелік концерт

8 наурыз -Халықаралық деңгейде аталып өтілетін мерекелердің бірі. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері өнерлі ұжымдарды жинап, нәзік жандыларға ерекше кеш ұйымдастырды.

Гамид Джафаров, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің әзірбайжан тілі пәнінің мұғалімі:
– 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш өткізу дәстүрімізге айналған. Біз тек өзіміздің шығармашылық ұжымымыздың өнерлерін көрсетіп қана қоймай, мектеп оқушыларын да шақырдық. Мақсатымыз, әйелдер қауымының қоғамда орны ерекше екендігін көрсетіп, аз да болса көңілдерін көтеруге тырысамыз.  

Бұрымдылардың мерекесінде өз өнерлерін этномәдени орталықтардың өкілдері де паш етті.

Мәшуда Ибраева, «Балқадиша» ансамблінің жетекшісі:
– Наурыз мерекесі көңілді өтіп жатыр. Барлық әйелдерді осы мерекемен құттықтаймын.

Сондай-ақ, мерекелік кеште нәзік жандыларға әр тілде әндер мен құттықтаулар жолданды. Кешке облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді бұрымдылары қатысты. Және олардың бәрі ақшалай сыйақыға ие болды.

Гүлбану Ахметова