Энергетика

Электр желілерін жаңғырту бағдарламасы

Өткен жылы кәсіпорын жұмысын жаңғыртуға 702 млн теңге қаражат бағыттау жоспарланыпты. Нәтижесінде бұл сома тағы 29 млн-ға артық болыпты. Алайда әлі де желілердің 60 пайызының тозығы жеткен. Сондықтан оларды қалпына келтіруге соңғы 2 жылда 1 жарым млрд теңге жұмсау көзделіп отыр.

Антон Макаров, «СҚ электр желілік таратушы компаниясы» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті:
Өткен жылы 5 шағын станса жөнделді. 20 шақырымдай әуе және кабель желілері алмастырылды. 4 жаңа кешенді трансформаторлық шағын стансалар орнатылды. Оның арқасында 20-шы шағын аудан, Бензострой, Жұмысшы кенті, Зайсан аудандарына электр қуатын жеткізу жөнге келді. Шағымдар азайды.

«СҚ электр желілік таратушы компаниясы» соңғы жылдары шектелген тарифпен жұмыс істеуде. Кәсіпорын жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын осындай жиын өткізуді дәстүрге айналдырған. Арнайы қоғамдық бақылау тобы да құрылыпты.

Марат Мұстафин, табиғи монополияларды реттеу агенттігі СҚО бойынша департаментінің директоры:
Нормативтік ысыраптар 13,5 пайызды құрады. Соңғы 2-3 жылда нормадан тыс шығындар жоғалды.

Кездесу соңында энергетиктер тұтынушылардың сауалдарына жауап берді.

Инеш Шоқақова