Қоғам

Ардагер-ұстаз Көкен Қалиева

Әр мәреке сайын дастархан басында жиналу Басыбаевтардың отбасалық дәстүріне айналған. Бүгін де  ардақты ана, әже атанған қарияны алдағы халықаралық әйелдер күнімен құттықтау үшін туған-туыстары жиналды. Шөберелері Адина мен Дариға Көкен Қалиқызына өздерінің сыйлықтарын жасап, жыр шумақтарын оқып берді. 4 баланың анасы саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған. Жамбыл ауданындағы мектепте математика пәнінен білім беріпті. Жарынан ерте айырылған Көкен апа тағдырына мойымай, елден қалмай еңбек етті. Балаларын жеткізді.

Орман Басыбаев, баласы:
Ардақты анамызды құттықтау үшін 8 наурыз күнінің алдында келіп отырмыз.  Менің анам бақытты әйелдердің бірі. Өйткені балаларын жақсы тәрбиелей білді. Ол кісіге тілейтінім зор денсаулық, балаларының немере-шөберелерінің қызығына томай жүре берсін.

Көкен Қалиқызы білім беру саласында 40 жыл еңбек етті. Маңдай тері ескеріліп, “Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері”, “Еңбек ардагері”, ҰОС 65 жыл”   төс белгілерімен марапатталды.

Көкен Қалиева, еңбек ардагері:
Бала кезімдегі арманым мұғалім болу еді. Сол арманыма жеттім. Мұғалімнің істеген жұмысының жемісі баланың білімінде және оның шыққан биігінде дейді ғой. Оны мен көрдім. Оқытқан оқушыларым республикалық матматика-физика мектебіне түсті. Жемісті жұмыс істеп жүр. Оқытқан оқушыларымның ішінде ғылым иелері де баршылық.

Бүгінде ұлағатты ұстаз Көкен Қалиева балаларынан 7 немере және 6 шөбере сүйіп отыр. Нағыз әйел бақыты деген осы болар дейді кейуана.

 

Гүлбану Ахметова