Спорт

Шағын футбол жарысы банк мерейтойына арналды

 

Ақтық сайыс қызу басталды. Екі жақ та қарсылас қақпасының маңындағы қауіпті сәттерді қалт жібермеуге тырысты. Алғашқы голды ҰҚКД-нің ойыншылары соқты. Бұдан соң құрама тізгінді қолдан жібермеді десе де болады. Бірінші таймнан соң есеп 4:0. Авангардтықтар артта қалды.

Төлеген Көшербаев, облыстық шағын футбол федерациясының бас хатшысы:
Чемпионат он бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы жолы кімнің чемпион болатындығы бірер минуттан соң анықталмақ.Қола жүлде «Әділет» құрамасына бұйырды. Биыл командалардың ойыны өте сапалы болды. Дені – үздік атануға лайық.

«Авангард» командасының 2-ші таймда да жолдары болмады. Ойын 5:0 есебімен жасыл жейделілердің пайдасына шешілді.

Руслан Үсенов, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменті командасының мүшесі:
Барлық ойын қызу өтті. Біздің тобымызда болған командалардың бәрі мықты қарсыластық танытты. Біз чемпионатқа барынша дайындалдық. Аптасына 5 рет жаттығу ұйымдастырдық. Нәтиже қуантады.

Жүлделі орын иелеріне диплом мен ақшалай сыйақы табысталды. Чемпиондар кубокты еншілеп қайтты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» және «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Инеш Шоқақова

strong style=