Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық ауруханаға жаңа компьютерлік томограф жеткізілді

 

Облыстық аурухана дәрігерлері жақын арада жаңа компьютерлік томографпен жұмыс істей бастады. Қондырғы диагноз қою дәлдігі мен жылдамдығын арттырады екен. Құрылғы арқылы бүйректі, бауырды, кеірдекті, ішектерді тексеруге болады.

Владимир Желтухин, сәулелі диагностика дәрігері:
-Компьютерлік томографтың дәлдігі өте жоғары. 16 кескінді жасау мүмкіндігі бұрын дәрігерлерге көрінбейтін органдарға үңілуге мүмкіндік берді. Жұмысымыздың жылдамдығын әлдеқайда арттырды.

15 жерлесіміз бұл компьютерлік томографтың көмегіне жүгініпті. Солардың қатарында Тамара Гусарова бар. Ол бүйрегін тексеруге келіпті.

Тамара Гусарова:
-Бұрын осындай тексерістен өту үшін өзге қалаларға бару керек болатын. Енді компьютерлік томограф өңірімізде де бар. Өте ыңғайлы, әрі жылдам.

Нәтижесі шамамен 1 сағаттан кейін белгілі болмақ. Жаңа құрылғы Юрий Семеновке де өз пайдасын әкелді. Томографтан тексерілгеннен кейін жерлесімізге дереу ота жасалды.

Юрий Семенов:
-Облысымызға осындай қондырғыны сатып алғаны жақсы болды. Енді өзге қалаға шықпай-ақ, қажетті медициналық бақылаудан өтеміз.

Бұл құрылғының құны 89 млн теңге. Оны сатып алу үшін 60 млн теңге облыстық қазынадан, қалғаны емдеу мекемесінің бюджетінен бөлініпті.

Юрий Белоног, облыстық аурухананың бас дәрігері:
-Бұл құрылғыны сатып алғаннан кейін диагностикалық мүмкіндіктеріміз артты. Осы арқылы емдеудің сапасын да байқауға болады.

Дәл осындай томограф 3 қалалық ауруханада да бар екен.

Айдана Демесінова