Спорт

Бейжің олимпиадасының жүлдегерімен кездесу

 

Бүгін облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатқа қонаққа Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов келді. Таэквандошы кездесу барысында жерлестерімізге жағымды жаңалықты жеткізді.

Арман Чилманов, Атырау қаласының АӘД және дене шынықтыру және спорт аймақтық орталығы бастығының орынбасары:
-Қазақстанның бүкіл аймақтарын аралаймыз. СҚО-да таэквандоның олимпиадалық түрін ашуды жоспарлап отырмыз. Жергілікті халық қуанып жатыр.

Арман Чилманов өңірімізде спорттың дамуына жоғары баға берді. Солтүстікқазақстандықтардың бұл салаға үлкен қызығушылық танытуы қуантады дейді мейман.

Арман Чилманов, Атырау қаласының АӘД және дене шынықтыру және спорт аймақтық орталығы бастығының орынбасары:
-Балалардың спортқа деген құштарлығы жақсы екен. Жақсы-жақсы сұрақтар қойып жатыр. Қызығушылықтары арта берсін және алда үлкен жетістіктерге жетсін деп айтамын!

Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімен кездесуге Дәулет Дербісәлі де келді. Жеткіншек грек-рим күресімен шұғылданады екен. Жуырда ел чемпионатынан күміс алқамен оралыпты. Оның ойынша, халықаралық жарыстарда жақсы нәтижеге қол жеткізген спортшылармен әңгімелесудің маңызы зор.

Дәулет Дербісәлі, облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы:
-Олимпиаданың қола жүлдегері бізге келді. Қызықты әңгімелер айтты. Жеңіске қалай жеткені туралы айтты. Біз оның кеңестерін тыңдап, керегін түйеміз. Олимпиада чемпионы болуға талпынамыз.

Кездесуге келген жастар кәсіпқой спортшыға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оның тәжірибесі туралы сұрап білді.

-Маған бүгінгі шара ұнады. Осы кісі туралы көптеген ақпарат алдық. Әр бала осы кісіге қарап талпынатын шығар спортқа. Бұл кісі жан-жағынан танылды, спортпен ғана шұғылданбай, кітап та оқиды.
-Біз спортпен ғана айналыспай, өзге шараларға да көңіл бөлуіміз қажет. Бүгінгі жиында осы жайлы да айтылды. Сондай-ақ, жеңіске жету үшін қалай дайындалу қажеттігі туралы талай ақпарат алдық.

Айдана Демесінова