Спорт

“Университет барысы” анықталды

 

Оқу орданың палуандарына өздерін қалалық, облыстық ареналарда бақтарын сынап көру мүмкіндігі алғаш рет туып отыр. “Университет барысына” 5 факультеттің 8 студенті қатысуда. Күрескерлер тең салмақ дәрежесінде белдесті. Бірінші болып боз кілемге жаратылыстану-жағрафия факультетінің студенті Руслан Есенбергенов пен дене шынықтыру факультетінің студенті Александр Николаев шақырылды. 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Руслан өзінің көк киімдегі қарсыласын бір жарым минуттың ішінде жеңді.

 

“Университет барысы” Нұр Отан ХДП облыстық филиалының мұрындық болуымен өтуде. Мұндай тартысты дода оқу ордасында бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұндағылар қазақша күресте өздерін сынап көрушілердің қатары аз болғанымен, келесі жолы спортшылар санының артатынына сенімді. Жарыс бір күнге жоспарланған. Сыннан сүрінбей өткендер қалалық турнирге жолдама алады.

Гүлбану Ахметова