ТЖ

Қатты жел мен бұрқасын көлік қозғалысын тежеді


Облысымыздағы жолдар қатты соққан жел мен ұшқан қардан көрінбейді. Тек жол жағасында өсіп тұрған ағаштар ғана қоғамдық көліктерге пана болуда. Дегенмен, қарсы бағытта келе жатқан көліктерді байқау мүмкін емес. Жолды қар алып қалғаны соншалық, кейбір ауылдардың тұрғындары қалаға да шыға алмай қалды. Ал, табиғаттың тосын сыйынан зардап шеккендер 112 диспетчерлік қызметіне тынымсыз қоңырау шалуда. Ауа райының қолайсыздығынан Петропавлдағы коммуналдық қызметкерлердің де жұмысы тоқтап тұр. Синоптиктер жуық арада ауа райы оңалады деп сендіруде. Дегенмен, құтқарушылар абай болу керектігін қатаң ескертеді.

Дмитрий Шпортько, “Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының инженер-синоптигі:
– Наурыздың 1 мен 2-сі күндері облыс аумағында боран сақталады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 метрге дейін жетеді.

Гүлбану Ахметова