Балалар

Жастар саясаты концепциясының бағыттары

 

Дөңгелек үстелге белсенді жастар жиылыпты. Олар жуырда ғана үкімет қолдауына ие болған “Қазақстан-2020: Болашаққа айқын жол” атты тұжырымдаманы қызу талқылауда. Жаңа құжатта жастар саясаты дамуының бағыттары көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады екен. Бүгін солтүстікқазақстандық жастар бұл құжатпен жақынырақ танысып отыр.

Динара Мақсұтова, “СҚО бойынша Қазақстанның Студенттер Альянсы” ЖҚБ төрайымы:
-Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – «Қазақстан-2020: Болашаққа айқын жол» атты тұжырымдаманы насихаттау және жастармен бірге пікір алмасу. Жастардың өзекті проблемалары айтылған.


Әлеуметтік сауалнама жүргізгенде қазақстандық жастардың 90 пайызы жарқын болашақ үшін өздері талпынып әрекеттенбей, үкіметке немесе туған туысқандарына сеніп қалғаны анықталыпты. Ал концепция алға айқын мақсат қойып, оны өз күшіңмен жүзеге асыруға шақырады.

Самат Жәкенов, «Жас Отан» ЖҚ СҚФ жауапты хатшысы:
-Жастар үшін бұл тұжырымдаманың маңызы зор. Сондықтан кейінгі толқын өкілдері бұл құжатпен жақсы танысып, оның негізгі идеясын түсіну қажет. Әр азамат алдына мақсат қойып, діттегеніне жету үшін өзі бар күшін салу керек. Өзгелерге қарап қалмай, болашақты бүгіннен ойлап, іске кіріскен жөн.

Қолжетімді сапалы білім, жастарды жұмыс және баспанамен қамту, бизнес идеяларды қолдауға бағытталған жобаларға қатыстыру. Жаңа тұжырымдамада осы сынды кейінгі толқын үшін өзекті мәселелер қамтылған.

-Жастарды қолдау мемлекеттік маңызы бар іс деп ойлаймын. “Жас келсе, кіріс іске” деген дана халқымыз. Біздің бағытымыз айқын. Ол гүлденуі жолында үлкен жетістіктерге жету, аянбай еңбектену. Концепцияның арқасында мақсаттарымыз жүзеге асады деп сенемін.
-Өзіме осыдан түйіндегенім – оқуымды оқып, ертең жұмысқа орналасу қиын болмайды деп ойлаймын. Осы концепцияға сүйене отырып проблемаларымды шешемін.

 

Айдана Демесінова