Құқық қорғау органдары

Құс етін саудалаған алаяқ әйел ұсталды

Күдіктінің бес бірдей алаяқтық фактіге қатысы бары анықталды. Бойжеткен өзін дүкеншілерге сауда агентімен деп таныстырған. Сөйтіп, құс еті салынған қорапты ол 5 мың, ал жартысын 2 700 теңгеге сататынын айтқан. Кейін тауарды әкеліп беремін деп, сатушылардың ақшасын алып, ізін жасырған.

 

Ирина Холодова, Петропавл қалалық ІІБ № 1 полиция бөлімінің аға тергеушісі:
– Желтоқсан мен қаңтар айларынан бастап қала тұрғындарынан бірқатар арыздар түсті. Олар алаяқтың арбауына түсіп, алданып қалғандарын айтып шағымданды.  

Қылмыстың бетін ашу үшін тәртіп сақшылары дүкеншілердің айтуы бойынша күдіктінің фотосуретін жасаған. Сөйтіп, оның бейнесін сатушылар бірден танып, сол екенін айтқан. 28 жестағы Зарина кезекті рет өзінің арам ісін іске асырмақ болған жерінен ұсталды.

Ирина Холодова, Петропавл қалалық ІІБ № 1 полиция бөлімі аға тергеушісі:
-Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні уақытша қамауға алдық. Және бойжеткеннің тұрғылықты мекен-жайы мен тұрақты жұмысы да жоқ.

Тергеушілер 28 жастағы алаяқ бұл қылмыстармен шектелмеген деген болжам жасап отыр. Егер осы сынды алаяқтықтың құрбаны болған азаматтар болса Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының № 1 полиция бөліміне хабарласқаны дұрыс.

Гүлбану Ахметова