Денсаулық сақтау

Қант диабетінің алдын алу

Қазақстан бойынша осы күні 162 мың адам қант диабетімен ауырады. Ал облысымызда осы дерттің белгілері бар деген 20 мыңнан астам адам тіркеуге алынған. Дөңгелек үстелге жиналған «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен денсаулық сақтау саласының мамандары аталған мәселенің өзекті екендігін алға тартып, осы төңіректегі өз ойларын ортаға салды.

Ольга Молчанова, облыстық қант диабетіне шалдыққандар қоғамының төрайымы:
–  Қант диабетіне шалдыққандар қоғамы 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Біздің көздегеніміз – қант диабетімен ауыратындарға қолдау көрсетіп, олардың денсаулығын жақсартуға септесу. Қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, пайдалы кеңес береміз.

Қант диабеті ауруын әр кезеңде бақылап, дамуына жол бермеу керек дейді эндокринолог мамандар. Ол үшін науқасты дер кезінде анықтау керек. Өткен жылдың өзінде 7000 солтүстікқазақстандықтан осы аурудың белгісі бар екені анықталған.

Мариям Бапанова, СҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:
– «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша қант диабетін анықтау мақсатында қосымша тексерістен өтуге болады. Скриниг бойынша бүгінде қант диабетімен ауыратындар 18 жастан 64-ке дейін бақылауда болу керек. Бұл аурудың дер кезінде анықталуына да көп пайдасы бар.

Әспет Әбдірешова

br /