Спорт

Гір көтерушілер спартакиадасы

Сайыс алаңына бірінші болып 60 келі салмақтағы спортшылар шықты. Сынға түскендердің алдындағы басты мақсат берілген 10 минут ішінде барынша көбірек гір көтеру. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Максим Будкевич өзгелерден басым түсіп, гір тасын 70 рет көтерді.

Максим Будкевич, жарысқа қатысушы, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі:
Бұл спортпен 5 жылдан бері айналысып келемін. Осы сынды жарыстарға көп қатыстым. Жетістіктерім аз емес. Командамыз бірінші орыннан көрінеді деген үміттемін.

Ал Солтүстік Қазақстан Университеті колледжінің студенті Ерлан Әлібаев бұл спортпен не бары екі-үш ай ғана айналысып келеді екен. Бүгінгі додада ол гірді 58 рет көтерді. Аталмыш спорт күшпен қоса, төзімділікті қажет етеді дейді қатысушы.

Ерлан Әлібаев, жарысқа қатысушы, СҚУ колледжі:
Қобалжу болды. Себебі мен мұндай жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Бұл спорт мені қатты қызықтырады. Сондықтан алдағы уақытта да қатысуға тырысамын.

Жарыста 110 спортшы мүмкіндіктерін сынады. Олардың арасында қатарынан бірнеше жыл жеңісті қолдан бермей келе жатқан гуманитарлы0-техникалық және Петропавл құрылыс-экономикалық колледждерінің командалары бар.

Андрей Глывяк, жарыстың бас төрешісі:
–  Әр командада өздерінің мықты спортшылары бар. Дәстүрлі түрде өткізілетін жарысқа облыстағы барлық колледждердің құрамалары қатысады.

Жеңімпаздар дипломдармен және медальдарға ие болды.

Әспет Әбдірешова