Қоғам

Суық суда шынығу

Қыстың күні ашық аспан астында ойықтағы суық суға түсу денені шынықтырудың аса қауіпті түрлерінің бірі. Анатолий Фурманюк 9 жылдан бері «Денсаулық» клубын басқарып келеді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ол алдымен өзі бастап жыл сайын мұз үстіне шығып, суық суға түседі. 

Анатолий Фурманюк, «Денсаулық» клубының жетекшісі:
-Жыл өткен сайын біздің бастамамызды қолдаушылар артып келеді. Бүгінгі шарамыз «Өзіңе жол » деп аталады. Біреулер бірінші рет суға түссе, кейбіреуіне бұл үйреншікті жайтқа айналған. Бағын сынаймын дегендерге көмек көрсетуге әзірміз.

Ызғарлы желдің өтіне қарамастан суық суға түсуге ниет танытқандар табылды. Мұз астындағы судың ішінде көп дегенде 30 секунд қана тұруға болады. Осыған жүрегі дауалағандар мұндай тәсіл арқылы шынығу денсаулыққа өте пайдалы дейді. Солардың бірі – Сергей Яцун. Ол аталған шараға осымен екінші рет қатысып отыр.

Сергей Яцун:
-Естен кетпейтіндей әсер алдым. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Сондықтан адамдарды денсаулықтарын шынықтыруға шақырамын.

«Өзіңе жол» акциясына шамамен 15 солтүстікқазақстандық қатысты.

Әспет Әбдірешова