Балалар

Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу



 

 

Жансерік Кәкімжан саяси жаңалықтарды қалт жібермейтін жастардың бірі. Сондықтан ол Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауын асыға күтеді екен. Бұл жолы да маңызды құжаттың әр тұсымен жақсылап танысыпты. Әлеуметтік салаға қатысты бөлімдеріне ерекше назар аударған.

Жансерік Кәкімжан, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенті:
–  Биылғы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  жолдауындағы маған ерекше ұнағаны әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау. Бұл салалар
бойынша ұнағаны зейнеткерлерге, мүгедектерге, науқас балаларға, еңбекке жарамсыз адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетілуі.

Жаңа жолдауда жүктелген міндеттерді Гүлбахыт Құлболдина да жақсы біледі. Бойжеткен ел дамуына үлес қосу үшін алдымен білікті маман боламын дейді.

Гүлбахыт Құлболдина, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенті:
– Елімізде білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Біз осыған өз күштерімізді салып, Президентіміз алға қойған мақсатқа жетуіне біз де үлесімізді қосамыз
.

Президенттің жаңа жолдауында қазақстандық патриотизмге баса назар аударылған. Бұл оқу ошағында да кейінгі толқынның бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту бағытында жұмыс жасалып жатыр. Осы мақсатта жастар ісі жөніндегі комитет құрылыпты. Оған 14 студент енген.

Қайсар Сәрсенбаев, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждегі жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы:
– Президент жастарға көп көңіл бөліп отыр. Оны сезініп отырмыз. Елбасы қойған міндеттерді орындауға тырысамыз.

Бүгінде М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде 1489 студент білім алуда.

Айдана Демесінова