Құқық қорғау органдары

Қалалық сот өткен жылды қорытындылады

Өткен жылдың соңында тәртіп сақшыларының үстерінен қозғалған қылмыстық істің нүктесі қойылды. Есіл аудандық ІІБ жедел уәкілдері қызметтік бабын асыра пайдаланып, сезіктіні соққыға жыққан. Тергеушілердің қаһарынан қорыққан жігіт ай далаға қашамын деп екі аяғын үсітіп алыпты. Өстіп ауруханадан мүгедектер арбасына таңылып шықты. Бірақ жігттің қылмысқа қатыстығы дәлелденген жоқ. 

Абдіқахар Еркебаев, Петропавл қалалық сотының төрағасы:
Сәрсенбаев пен Козырев жасаған қылмыстық әрекеттеріне кінәлі деп танылды. Айыптылардың әр бірі 5 жыл 6 айға сотталды. Жазаларын жалпы режимдегі абақтыда өтеп жатыр. Үш жылға дейін мемлекеттік қызметке тұру құқықтарынан айрылды. Бар дүние-мүліктері тәркіленді.  

Былтыр Петропавл қалалық сотына 2011 жылға қарағанда қылмыстық істер 30 пайызға азырақ түсіпті. Әділет үйіндегілер бұны сот жүйесіндегі реформаны ізгілендіріумен байланыстырып отыр. Десе де сотта 452 адамға қатысты 370 іс қаралды. Оның тең жартысында бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Бір факті сотқа жалған ақпар бергені үшін.

Абдіқахар Еркебаев, Петропавл қалалық сотының төрағасы:
-Сараптама 2012 жылы түрмеге түскендер санының 13 пайызға артқандығын көрсетеді. Қамалғандардың 63 пайызын ауыр қылмысқа барғандар құрайды. Алған жазасы сабақ болмай, бостандыққа шыққанда қайта қылмыс жасайтындардың қатары да артып барады.  

Жалпы былтыр жерлестеріміз әділдік іздеген 789 іс қаралды. 6 мәрте судьяларға шағым түскен. Арыздың бірі де шындыққа жанаспапты.

Жеңіс Ермұқанов