Мәдениет

Әуесқой сахнагерлер фестивалі

Биылғы фестиваль жазушы Александр Островскийдің 190 жылдығына арналып отыр. Дәстүр  бойынша шараға бірінші қалалық жалпы білім беру лицейінің 10-сынып оқушылары қатысты. Олардың жан-жақтылығына өзге оқу мекемелерінің мұғалімдері де көз жеткізді.

Данаш Әбдірахманова, қазақ мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі:
– Балалар өздерін спорттық жағынан болсын, интеллектуалды
қ жағынан болсын, актерлік шеберліктері жағынан болсын өздерінің нәтижелерін бізге көрсетіп жатты. Сонымен қатар ұнағаны психодиагностикалық жұмыстар жүргізіледі. Оның барлығы жақсы қамтылған.

Фестиваль «Доходное место» қойылымымен ашылды. Оқушылар өз рөльдерін жақсы ойнауда. Көп дайындалғандары көрінеді.Пьеса өткір тілді және сатирасы мол дейді жас актерлер.

Әнел Жаудинова, бірінші қалалық жалпы білім беру лицейінің оқушысы:
– Біз үшін бұл шара өте маңызды. Біз өзіміздің өнерлерімізді, шеберлігімізді көрсете аламыз.


Сондай-ақ, оқушылар Островскийдің шығармалары қазіргі кезде де өзекті екенін алға тартуда.

Наталья Ковалева, бірінші қалалық жалпы білім беру лицейінің оқушысы:
Пьесада кей адамдарға шынайы сезімнен ақша маңыздырақ екені көрсетілген. Өкінішке қарай бұл қазіргі күні де кездесіп жатады. Халық осындай шығармаларды оқып, жаман әдеттерден арылса екен.

Кейін шәкірттер көрермендерге Островскийдің “Не все коту масленница” және “Бешеные деньги” туындыларын сахналады.

Айдана Демесінова