Қоғам

Студенттер өңір тарихын зерделеуде

 

«Туған жер» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы оқу ошағында осымен 3-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Жиылғандар өңіріміздің тарихына шолу жасап, өздерінің ғылыми зерттеулерімен таныстыруда.

Зәуре Картова,М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және қоғамдық-әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к:
-Бұл конференцияның негізгі мақсаты – өлкеміздің терең тарихын насихаттау, зерттеу және келе жатқан жас ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Бүгінгі конференцияның ерекшелігі- көп бағытта өткізілуде. 3 секция бойынша ұйымдастырдық.


Биылғы конференцияға 30-дан астам ғылыми жұмыс ұсынылыпты. Үздік еңбектер жинақ болып баспадан шықпақ. Туған жердің тарихын тереңірек меңгеріп, баяндама әзірлегендердің қатарында Сандуғаш Сембаева да бар. 2-курс студенті аймағымыздағы ескерткіштер жайлы мағлұматтарды жинапты.

Сандуғаш Сембаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Бізде ескерткіштер өте көп. Оны зерттеу мәселесі әлі де қарастырылады. Қазіргі лабораториялар мен зертханаларда тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Шараның маңызы тарихты меңгеру арқылы патриоттық сезімді әрі қарай дамыту.


Келесі жылдан бұл дәстүрлі шараның ауқымы кеңеймек. Өйткені ресейлік ғылымдар да конференцияға қызығушылық танытып, оған қатысуға ниет білдіріпті. Сондай-ақ, келген қонақтар бұл жердегі «Туған жерім, асылым» атты кітаптар көрмесіне тәнті болды.

Айдана Демесінова