Білім

Оқушылар Елбасы Жолдауын бірнеше тілде талқылады

“БЭСТ” гимназиясының оқушысы Нұрсұлтан Бекмұрзаев 5 бірдей тілді жетік меңгеріп алыпты. Білім ошағында ол үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Оқу озатына мектеп табалдырығын аттағаннан шетел тілдері үйретіліп келеді екен. 

Нұрсұлтан Бекмұрзаев, “БЭСТ” гимназиясының оқушысы
– Елбасы тілдің үш тұғырлығына аса мән береді.
Біздің мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен қатар неміс, француз тілдері оқытылады. Полиглот біріншіден әлемдік аренада Қазақстанмен әріптестік орнататын білікті мамандар даярлау үшін қажет. Жақсы білім алсам, Отаныма пайда келтіремін.

Акт залына Нұрсұлтанның қатарластары жиналған. Бәрі ресми және жаһандану тілдерінде туған ана тіліндей сайрап тұр. Бас қосуларының мақсаты Елбасының соңғы жолдауын түрлі тілде диолог құрып талқылау. Мемлекет басшысы озат ойлы, кемел білімді, салиқалы тәрбие алған ұрпаққа сенім артады. Жылдың басты құжатындағы басымдықтармен жақсылап танысқан оқушылар өстіп тілдерін де жаттықтырмақшы. Бір оқпен екі қоянды атуға бел буған тапқыр шәкірттер арасында Еңлік Қаппар да бар.

Еңлік Қаппар, “БЭСТ” гимназиясының оқушысы:
Білім саласына бөлінген қолдауды өз басым жақсы сезінемін. Сабақтар заман ағымына сай өткізіледі. Сыныптарымыз озық үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталған. Бізге тек зейін қойып оқып, миымызға тоқу керек. Сонда Елбасының ойы жүзеге асады. Ел игілігіне жарайтын бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиеленеді.

Оқушылар айтқандарын іспен нақтылап жүр. Жаңа оқу жылында ғана білім ошағының шәкірттері пәнаралық олимпиадалардың 100-ден артық жүлдесіне ілігіпті. Өткен ҰБТ орта есеппен 99,6 ұпай жиналды. Түлектердің дені әлемнің бетке ұстар ЖОО түскен. Оқушылардың жеңісі ұстаз еңбегінің жемісі.

Алла Котова, “БЭСТ”гимназиясы директорының орынбасары:
-Елбасы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға аса мән берген болатын. Былтыр 70 оқытушы шеберлігін арттырды. Біз бірінші болып үш айлық оқыту курстарынан өттік. Сондай-ақ ұстаздар қауымы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу жағын да ерекше назарға алады.Н
ұрсұлтан Назарбаев оқу үрдісінде патриоттық тәрбиені ұмытпау керектігін тапсырды емес пе.

Бүгінде гимназияда еңбек етіп жүрген 103 ұстаздың 48-і жоғары,30-ы 1-ші санатты.

Жеңіс Ермұқанов

em style=