Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі аппаратының жаңа жетекшісі тағайындалды

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:
-ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен кадрлық ауысымға орай Асқар Бегманов Президент әкімшілігінің аумақтық жұмысты бақылау және ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқаратын болады. Асқар Абдуғалиұлы Есіл ауданының әкімі болды. Кейін облыстық аппаратты басқарды. Жаңа лаузымымен шын жүректен құттықтап, қызметіне табыс тілеймін.

Өңір жетекшісінің ұсынысымен енді облыс әкімінің аппаратын Владимир Дудов басқарады.

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:
Владимир Сергеевич еңбек өтілін СҚО, Ғ. Мүсірепов ауданының кадрлық жұмыс бөлімінің бастығынан бастады. 2011 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің аумақтық жұмысты бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы, 2012 жылдан мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Самат Ескендіров жаңа лауазымға тағайындалған Владимир Дудовқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:
–  Барлық мемлекеттік және орталық органдардың, Президент әкімшілігінің өзара әрекеттесуін байланыстыра түсу керек. Түрлі актілердің жүзеге асуын қамтамасыз етуді тапсырамын.  

Владимир Дудов өз кезегінде алдына қойылған міндеттерді мінсіз орындауға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Владимир Дудов, СҚО әкімі аппаратының жетекшісі:
-Үлкен жауапкершілік. Сенімді ақтау үшін осы өңірде Президент әкімшілігінде бар жиған білімім мен тәжірибемді жұмсауға тырысамын. Қолымнан келгенді аямай, мемлекеттік тапсырмаларды облыста жүзеге асуына барымды саламын.  

Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы бірінші кезекте барлық есептік кездесулерде көтерілген мәселелерді орындаудың жобасын құруды тапсырды.

Жеңіс Ермұқанов