Құқық қорғау органдары

Ойын-сауық орындарына түнгі рейд

Рейд өткізудегі мақсат жасөспірімдер арасындағы жасалатын қылмыстардың алдын алу. Мына бильярд клубының басшысына 8 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Жіберген қателегі – түн ортасына дейін кәмелеттік жасқа толмағандарға бильярд ойнауға рұқсат берген. 17 жастағы студент көңіл көтеру орындарының бірінде рұқсат етілмеген уақытта болған. Қолға түскен жасөспірім ата-анасының қолына тапсырылып, әкімшілік хаттама толтырылды. Онда айыппұл төлеу қарастырылған.

Мына сылқым мен бозбаланы түнгі сағат 2 шамасында учаскелік инспекторлар Мир көшесі бойында ұстады. Екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған. Жігітті ата-анасы алып кетсе, қыз балаға келер ешкім болмағандықтан, ол оқшаулау орталығына жеткізілді. Қыз бала бұл жерде осыған дейін де болыпты. Рейдтің үш күні ішінде ұсталған 120 жасөспірімнің 14-нің спирттік ішімдік ішкендігі анықталды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Самат Есмағи