Спорт

Кекушинкай каратэден облыс чемпионаты

 

 

Екі күн бойы 354 спортшы облыстық чемпионатта намысты қолдан бермей, белдесті. Ал, жартылай ақтық сында тек 112 спортшы күш сынасты. Бұл жолғы жарыста СҚО чемпионы атанғысы келетіндердің қатары қалың болды. Арасында Петропавлдан өзге Астана, Қарағанды, Қостанай, Алматы қалаларының да каратэшілері бар. Мәселен, Елорданың намасын 91 споршы қорғауда. Солардың бірі 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дамир Жүнісов. Спортшының қарсыласы жергілікті каратэші болды. Сөйтіп, осы салмақ дәрежесінде а

 

станалық спортшы СҚО чемпионы атанды.

Дамир Жүнісов, СҚО чемпионы, Астана қаласы:
Кеше турнир өте тартысты басталды. Кеше бір жекпе-жек өткіздім. Қарсыласымды жеңдім. Бүгінде екі жекпе-жек өткіздім.

Солтүстікқазақстандық Рустам Райцинов та елордалық спортшымен сынға түсті. Ол 49 салмақ дәрежесінде өнер көрсеттіп, жеңімпаз атанды.

Рустам Райцинов, СҚО чемпионы, Петропавл қаласы
:
Алға қойған мақсатым жеңіске жету болатын. Өйткені чемпион атанғандар Ақтау қаласында өтетін ел чемпионатына қатысады.

Облыстық чемпионатта спортшылар 28 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Және жарысқа 8-ден 37 жасқа дейінгі каратэшілер қатысты.

Азамат Манапов, жарыстың бас төрешісі, Алматы қаласы:
Осы сайыста Петропавл қаласының спортшылары болашақта Қазақстан чемпионаты өтеді, және 2014 жылы әлем чемпионаты өтеді. Соған ақтық жарыстар өткізіп жатыр. Финалдық жекпе-жекте Петропавл мен Қарағандының спортшылары жақсы өнер көрсетуде.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар әр салмақ дәрежесі бойынша марапатталып, кубок және медальдарға ие болды.

Гүлбану Ахметова