Спорт

Хоккейшілер сайысы

 

 

Шайбалы хоккейге аудандар мен қаладан жиналған 90 спортшы қатысты. Дәстүрлі доданың былтырғы жылғы жеңімпаздары петропавлдық “Авангард” командасына ұйымдастырушылар үлкен үміт артуда. Өйткені бұл құрама алдағы уақытта облыс намысын республика көлемінде корғамақ. Команданың бірінші қарсыласы Шал ақын ауданының спортшылары болды. Петропавлдықтар қарсыластарын 6-1 есебімен жеңді. Алда олар Ақжар ауданының хоккейшілерімен кездеседі.

Родион Дякин, “Авангард” шайбалы хоккей командасының капитаны, Петропавл қаласы:
– Облыстық біріншілікке жақсы дайындалып келдік. Былтырғыдай жеңіске жететінімізге сенімдімін. Өзім бұл спорттың түріне ден қойғаныма 8 жыл болды. Алдағы уақытта да шайбалы хоккеймен шұғылдана бермекпін.

Шайбалы хоккейден облыстық біріншілікке 16-17 жас аралығындағы спортшылар қатысуда. Барлығы 6 команда. Тартысты дода үш күнге жалғаспақ. Жүзден жүйрік атанғандар кубок, медаль және грамоталармен марапатталады.

Гүлбану Ахметова