Құқық қорғау органдары

Заңсыз көші-қон

Бұл жыл басынан бері тіркелген алғашқы оқиға емес. Сол себепті де Орталық Азиядан Қазақстан арқылы Ресейге өтетін шетелдік азаматтар легі қатаң бақылауға алынған. 2013 жылдың басынан «Рубеж» жүйесінің бақылау пункттерінен 7300 иммигрант өткен. Олардың басым бөлігі Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінің азаматтары. Көші-қон полицейлері мұндай рейд шараларын күнделікті өткізеді. Ерекше назар аударатын жерлер – базарлар, вокзал мен құрылыс нысандары. Жыл басынан бері облыста 2000-нан астам шетелдік уақытша тіркеуге тұрған. Қазақстан Республикасына келу ережелерін бұзған 6 азамат өз елдеріне қайтарылды. Олардың үшеуі сот шешімін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Әспет Әбдірешова